+7(707) 37 19 019

"ЖасКО" жастарға кеңес орталығы

«ЖасКО» жастарға кеңес орталығының негізі 2014 жылдың басында қаланды. Бастапқыда білім беру және маман жетілдіру орталығы ретінде ашылған орталығымыз 2015 жылдың соңына қарай тек қана кеңес беру орталығы ретінде өз бағытын өзгертті. Қазіргі таңда толығымен кеңес беру жұмысымен айналысады.Біздің орталығымыз негізгі аудитория ретінде ұлтымыздың болашағы жастарды таңдады. Кеңестеріміздің негізгі бөлігі жастарға арналған.Біз кеңестерімізді жеке кездесулерде, жалпы семинарларда және әлеуметтік желі парақшаларында бөлісуге тырысудамыз. Әлеуметтік желі парақшаларымыз 2 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келе жатыр. Оқырмандарымыздың саны мен олардың ой-пікірлері біздің дұрыс бағыт таңдағанымызды көрсетіп, бізді қуантуда.

Біз өткізген және алдағы уақыттарда өткізуді жоспарлаған семинарларымыз:

• «Life Managment» өмірді басқару семинарлары;
• «Жетістікке жету жолдары» семинары;
• Мамандықты дұрыс таңдау семинарлары;
• Дұрыс жар таңдау семинарлары;
• Жұбайлар жарасымы семинарлары;
• Бала тәрбиесі семинарлары;
• «Кітап оқудың пайдалары» семинары;
• Дұрыс қоректену семинары;
• Дұрыс қарым-қатынас құру семинарлары;
• Бизнес семинарлары;
• Алғашқы жәрдем семинары;
• Темекі тастату семинары;
• Шешендік өнер курсы;
• Лидерлік қасиет курсы.

Біздің орталығымыздың ең басты бөлімшесі – «Бақытты отбасы» отбасылық кеңес орталығы. Отбасылық кеңес орталығымыздың негізі 2015 жылдың басында қаланды. Бастапқыда өз жұмысын тек қана әлеуметтік желі парақшаларында бастаған орталығымыз, қазіргі кезде көптеген жобалар бойынша жұмыс істеп жатыр. Атап айтар болсақ, «Күнделікті What`s app кеңестері», «Бетпе-бет кеңес» қызметі, арнайы тақырыптар бойынша семинарлар. Ертеңнің еншісінде көптеген жоспарларымыз бар. Орталығымызды одан ары дамытып, халықтың игілігіне жарар жобалармен байыта түсу – басты мақсатымыз. Ұранымыз - «Жастар – ұлттың болашағы»;Тірегіміз – Сіздердің сенімдеріңіз; Өзімізді түзетіп отыратын айнамыз – Сіздердің сын-пікірлеріңіз бен ескертулеріңіз. Біз Сіздерге сенеміз және Сіздердің сенімдеріңізді ақтауға тырысамыз!