+7(707) 37 19 019

Жалқаулықты жеңудің 7 түрлі әдісі.

1. Таңғы жаттығулар мен контрасты душ.
30 минуттық жаттығу - 2 сағат ұйқы. Яғни, жаттығу жасау арқылы біз екі сағат ұйықтағандай сергектік аламыз. Ал, контрасты душ біріншіден, тазалық екіншіден, ойымыз бен тәнімізді сергітеді.
2. Бір қалыпты жұмыстан басқа жұмысқа ауысу.
Істегіңіз келмейтін, жалықтыратын жұмыс істеу барысында әр 20 минут сайын басқа, өзіңе қызықты жұмысқа ауысып тұр. Мысалы, бақшада шөп жұлып жатып, 20 минуттан кейін поштаңды тексер немесе күшігіңмен ойна. Бірақ, қайтадан жұмысыңа орал.
3. Егер жұмыс істегің келмесе, жұмыс орнынды жинастыр.
Егер мүлдем жұмысты бастағың келмесе, отыратын орныңды ретте, кейін міндетті түрде жұмысқа деген ынтаң оянады.
4. Барлық нәрсені ұмыт та жатып демал.
Егер ештеңеге құлшынысын болмаса, төсекте ешнәрсені ойламай жата тұр. Бірер минуттан кейін міндетті түрде жұмыс істеуге құлшынысын ашылады. Себебі, біздің ағзамыз ешнәрсе істемеуге дағдыланбаған.
5. Үлкен іс бітірдің бе, өзіңді марапатта.
Үйді жинап болдың ба, шоколад алып же. Немесе әлеуметтік желіде отырғанды жақсы көресің бе, маңызды жұмысыңды бітір де, сыйлық ретінде әлемеуттік желіде біраз уақытыңды өткіз.
6. Өте ауқымды жұмыс па? Бөліктерге бөліп таста.
Мысалы, дипломдық жұмысымды жазу барысында оқу жылының басында-ақ жұмысымның 5-10 пайызы дайын тұрды. Себебі, бүгін әдебиеттер тізімін жазсам, ертең кітапанаға барамын, т.с.с. бөліктерге бөліп тастадым. Әр жұмысты осындай кішкентай бөлшектерге бөліп тастасаң, оны бастау да аяқтау да оңай болады.
7. Өзіңе мақсат қой.
Ия, міндетті түрде мақсат қою керек. Қалам мен қағаз ал да « бүгін бассейнге барамын» деп жаз да, бассейнге бар.
Жалқаулықпен күресудің жолдары өте көп. Алайда, біз жалқаулық деген не екенін дұрыс түсінбейміз. Біздің ағзамыз қозғалыссыз тұра алмайды, тек не істейтінімізді өзіміз шешеміз. Күні бойы теледидар көріп жатамыз ба, әлде оның орнына ақша тауып, өзімізді жетілдіреміз бе.

Бұл таңдау тек өзіңдікі!

Айман Қайратқызы
Алматы қаласы