+7(707) 37 19 019

Балықшы мен жын

Балықшының қармағына бір құмыра ілінеді. Оны сипап қалғанда iшiнен “Әмiрiңiзге құлдық”,- деп жын шыға келедi де, кез келген үш тiлектi көздi ашып-жұмғанша орындайтындығын айтады. Балықшы біраз ойланып: “Сұрайтын ешнәрсе таба алмадым, негізі – көп тілегім бар, бірақ солардан үшеуін таңдай алмай тұрғаным-ай. Алдыменен мені ақылды адам етші, ақылды болсам қалған екеуін бірдеңе қылып ойлап табармын”, – дейді. Жын «жарайды» деп, балықшының тілегін орындайды. «Енді кезек қалған екі тілекте, соларды айт», – дегенде, балықшы оған былай дейді: “Рақмет, бірақ басқа ешбір қажеттілігім жоқ.”