+7(707) 37 19 019

Көп таралған қателіктер

Әдептілік ережелері. Көп таралған қателіктер Әдепті, мәдениетті болу жолында көп қателіктер жібереміз. Әлбетте, өмір ережелер мен қағидалардан тұрмайды. Алайда қарапайым әдіптілік ережелерін ұстана отырып әдемілік пен ұқыптылық тұрғысынан үлгі бола аламыз. Ал бұл табысты болудың басты шарттарының бірі. Қолшатырды үйде де, офисте де ашып қойып кептірмейді. Оны жинаулы күйде арнайы сүйеуішке қойып қою керек немесе іліп қою керек. Отырған кезде сөмкені алдыңызға немесе жаныңызға қоймаңыз. Кішкентай сөмке немесе клатчты үстелдің үстіне қойып қоюға болады, ал үлкен сөмкені орындықтың арқасына іліп қойыңыз. Егер жаныңызда кішкентай сөмке қоюға орындық болмаса, жерге қойып қойыңыз. Портфельді әрдайым жерге қояды. Целлофан пакеттерді супермаркеттен келер жолда ғана ұстап жүру ләзім, сонымен қатар бутиктерден алынған фирмалық пакеттерді де. Кейін сөмке ретінде ұстау – сараңдық белгісі. Әйел адам ғимаратқа кіргенде шляпа мен перчаткасын шешпеуіне болады, бірақ шапка мен қолғапты міндетті түрде шешуі керек. Мейрамханада шотты төлеу тәртібі: Егер ер адам “Мен сізді шақырамын” десе, шотты ер адам төлейді, ал егер әйел адам әріптесін қандай да бір істерді талқылау үшін шақырса, шотты өзі төлейді. Егер ұсыныс “Мейрамханаға барайық” деген ретте айтылса, әр адам өзіне төлейді. Егер ер адам шотты төлеуді өз мойнына алса, әйел адам келісуіне болады. Лифтке әрдайым ер адам бірінші кіреді, бірақ шығарда есікке кім жақын тұр, сол бірінші шығады. Көлікке отырғанда жүргізушінің арты құрметті орын болып саналады. Ол жерге әйел адам отырады, ер адам жанына жайғасады. Көліктен шыққанда ер адам көліктің есігін ұстап тұрып, әйел адамға қолын ұсынады. Егер ер адам рөлде отырса, әйел адам оның артына отыруы керек. Алайда қай жағдайда да ер адам көліктің есігін ашып, әйел адамға түсуге көмектесуі тиіс. Бірақ соңғы кездері ерлер бұл қағиданы мүлдем орындамайды десе болады. Жұртқа диетада отырмын деп естірте айту ерсі болып саналады. Әсіресе қожайын сізге тамақтан ауыз тиюін ұсынса. Ештеңе жемесеңіз де, қожайын әйелдің кулинарлық дарынын мақтап қойыңыз. Көпшілік жиналған ортада әңгіме болмауға тиіс тақырыптар: саясат, дін, денсаулық, ақша. “Керемет көйлек! Қаншаға алдыңыз?” деген сынды сұрақтар орынсыз. Егер де осындай сұрақ қойылса, жымиып “Сыйлыққа алғам” деп жауап беріңіз де, әңгімені басқа арнаға бұрыңыз. Егер әңгімелесуші адам сұрақ қойып, мазаңызды алса “Бұл жайлы сөйлескім келмейді” деп қысқа қайырыңыз. 12-ге толған әрбір адамға “сіз” деп сөйлеу керек. Мейлі даяшы болсын, мейлі жүргізуші болсын. Жұрттың көзінше әріптестермен де “сіз” деп сөйлесу ләзім. Егер танымайтын адам, сізге “сен” деп кекиіп тұрса “Сіз маған айтып тұрсыз ба?” деп анықтап алыңыз. Егер әлі де түсінбесе “Біз сенге көшкен жоқ едік, кешіріңіз” деп сабырлы жауап беріңіз. Біреуді сыртынан балағаттау әдепсіздікке жатады. Әсіресе, туған-туыстар мен достарды сөз қылу, жамандау. Әр адамның өз туысы мен өз достары – өзіне. Сонымен қатар, өз елі мен мемлекетін жамандау да ерсілік. Сурет: chacha.com


Анар Мұстафина

Massaget.kz сайтынан алынды