+7(707) 37 19 019

ҚАЙСЫСЫ МАҢЫЗДЫ? МІНЕЗ БЕ, ТӘРБИЕ МЕ?

Бір күні патша уәзірінен сұрапты, мінез маңызды ма, тәрбие маңызды ма?- деп. Уәзірі сонда ойланбастан, "мінез, тақсыр"- деп жауап беріпті. Патша ел-жұртқа жар салып, ең мықты жануар баптаушысын шақырыпты. Айтқанын істей алса, мың ділдә сыйлық беретінін айтыпты. Осылайша патшалықтың ең мықты деген шебер жануар үйретушісі таңдалып, патшаның құзырына келіпті. Патша оған алты айда мысыққа теріс қарап жүріп қызмет көрсетуді үйретуді тапсырыпты. Ал ол өз кезегінде сенімді түрде бұр тапсырманы оп -оңай жасай алатынына уәде беріп шығып кетіпті. Айтулы күн жетіп, мысықты сынайтын кез келіпті. Патша сарайына өңкей ығай мен сығайларды жинап, мысықтың өнерін тамашаламақ болады. Мысық шынында да артымен қозғалып, келген қонақтарға қызмет көрсете бастайды. Тура патшаның алдына келгенде Патша уәзіріне қайтадан сол баяғы сұрағын қояды. "мінез, әлде тәрбие"... Сол сәтте уәзірі қалтасынан бір тышқанды алып тастай салғаны сол-ақ екен, мысық бәрін тастап, тышқанның соңынан қуа жөнеледі. Алты айлық еңбек еш болды. Сонда уәзірі " Мінез маңызды, тақсыр, мінез. Бір тышқанға бар еңбекті айырбастай салатын мысық секілді, өз пайдасын ойлағанда, елін-жерін сатып кететін мінезсіз ер-азаматтардан сақтасын бізді"- деген екен.


"ЖасКО" жастарға кеңес орталығы

zhasko.kz