+7(707) 37 19 019

Математика мұғалімінен ұмытылмас сабақ

Физика-математика факультетінің бір профессоры бір күні студенттеріне өмірлік естен кетпес сабақ беру ниетімен тақтаға үлкен 1 санын сызады да, студентеріне қарап: “Бұл - адамгершілігіңіз. Өмірлеріңізде болуы керек ең маңызды қасиет”,- деп түсіндіреді. Сосын 1-дің қасына 0 санын жазады да: “Ал, бұл болса - жетістіктеріңіз. Бойыңыздағы адамгершілікке табыс қосылса адам 1-ден 10 бола қалады. Тағы бір 0 – тәжірибеңіз. Тәжірибесі болса адам 10 емес, енді 100 болады” деп кезек-кезек 0-дерді қоса береді: зеректік, тәртіптілік, сүйіспеншілік… Қосылап тұрған әрбір 0 саны адамды 10 есе байытатынын түсіндіреді ұстаз. Бір кезде профессор сандар тізбегінің ең басында тұрған 1 санын өшіреді. Сонда тақтада ешнәрсеге тұрмайтын, ешбір мәні жоқ нөлдер ғана қалады. Профессор студенттеріне былай дейді: “Адамгершілігіңіз жоқ болса, қалғанның бәрі түкке де тұрмайды”.


"ЖасКО" жастарға кеңес орталығы

www.zhasko.kz