+7(707) 37 19 019

Қырық беттік кітапты оқымай...

Қырық беттік кітапты оқымай, қырық сериялы үнді киносын көретін ұрпақ өсіп келеді.

Тәрбиесіз берілген білім талапкердің тамырын кесетіні бәрімізге хақ. Асылында тәрбиенің жоралғысын, бастамасын ата-анасынан артық ешкім бере қоймас. Ал,бұғаулығы қатпаған жас жеткіншектердің талай толқындары ағымдап жыл сайын леп-лебімен алдымызға келуде. Әгәрәкім, жасөспірімдерді желкесінен жетектеп (алқынып) алдымызға келетін ата-аналарда баршылық. Ол отбасының шаранасына деген ойы сол болса, бұл ұрпақтың мендік ойы қалыптасуына күмәнім бар.
Талапкердің «а» деп ауыз ашқанынан орысшамен ауыздандырса, тіліміздің түзелуі қайда қалмақ? Қырық беттік кітапты сұрасаң, қырық сериялы үндінің немесе кәрістің сериялын айтып шығар ұрпақ осыдан шықпақ.
Міне, сол себепті дәл қазіргі сәт қаламымның ұшы санамнан сарт қыпшыққан ойларға әзер ілесіп отыр. Бір нәрсенің шетін шығарсам ба деген ой мен шабытымды осып отырмын.
Құр ағаштан құмалақ саумайын. Шәкіртсіз ұстаз – тұл дейді. Өз шәкіртіне үйретуден еш ұстаз жалықпақ емес. Талай жыл ұстаздық өнердің сағалдырығына жабысып жүрген соң шәкіртті білім нәрімен сусындату бізге парыз деп таптым. Бұдан пайымдайтынымыз, ұстаз елдігі биік елдің тамырын тереңдетер білікті тұлға. Қазіргі кездегі жастар интернеттің шырмауына түсті деп шырылдап жатамыз. Таяқтың екі ұшы болатындай, мұның бұрыс жағы мен дұрыс жағы болады деп пайымдадым.
Бұл, әрине, мендік ой. Бір жағын ширатып көрейін, интернет желісіне кірсеңіздер «Google» деген керемет бір озық ойлы программа барын бәріміз білеміз. Міне, сол желіні дұрыс жағынанпайдалансақ, керек ақпарат соның ішіне азда болса сыйып кеткен. Бірақ тәлімгер сол ақпаратқа деген қызығушылығын арықарай толықтырмақ керек. Әрине, кітаптай өзіндік исі, дәмі болмасына таласым жоқ, қарсы пікір айтпақта емеспін. Өйткені, бәрімізге аян білімнің қайнар көзі кітапта. Бар айтқым келгені, жас жеткіншектерге білімнің дәмін осы өздері жақсы көретін интернет желісі арқылы татқызсақ.
Арықарай білім ағысына еріп кетпесіне кім кепіл. Ал, бұрыс жағын ақалам тартып өтсек, бұл әдіс арқылы тәлімгерді дайын асқа тікқасық болуға үйретіп алмасақ болғаны. Асылында қанша қарсы болғанымызбен заман ағымынан қалмағанымыз жөн деп таптым. Ұстаздар өзінің келешек елінің бағыт-бағдарынкөрсететін жан екенін түсініп, талапкерлерге қалбілім мен хәлбілімінің арасын жіктеп берсе, өмірлік міндетінің жеңілдей түскені. Қазақта жақсы сөз бар: «Тоқпағы мықты болса киіз қазық жерге кіреді» деген. Тобығын қағар біз екенімізді білсек, жұмыртқадан жүн сұрағандай бір бірімізге кінә артпай, әр азамат өзінің мойнындағы жүкті, парызды адалымен көтере білсе, міне, қазақтың гүлденгені.
Сөз соңында, шәкіттеріміздің әр қадамдары нық, тағылымдары терең, болашақтары бұлдырамасын деген тілегімді білдірмекпін.

Уатхан Қабылтай
Namys.kz сайтынан алынды.