+7(707) 37 19 019

Кітап оқы жас ұрпақ

Ойласақ жақын қайда ,алыс қайда,
Бiлiм десе келедi намыс бойға,
Барлык бiлiм кiтапта екендiгiн,
Дәлелдеген Абай да, Толстой да.

Кітап бізге береді бар білімді,
Кітап қылып шығарған бар ғылымды,
Кітап басты қазына бұл өмірде,
Кітап қана шешеді тағдырыңды!

Кітап шыңға шығарар талпындырып,
Өміріңді жіберер жарқын қылып,
Білім деген кілт болып кала берер,
Кітап деген сиқырлы алтын кұлып.

Кітапты оқып адамдар тауысқан ба?
Кітаппенен озасың алыстарға,
Бұл өмірде кітаптың арқасында,
Жай адам да айналған данышпанға.

Талай адам кітаппен таспады ма-ай?
Ақыл келер бойына қас қағым-ай,
Абайлардың ізімен арман қуып,
Кітап оқып жүріңдер жастарым-ай!

"ЖасКО" жастарға кеңес орталығы
www.zhasko.kz