+7(707) 37 19 019

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда жаңа технологиялардың маңызы

Қазақ тілі пәнін оқытудың жалпы мақсаты – түрлі сөйлеу жағдаядытында қазақша ауызша және жазбаша сөйлеудің коммуникативтік білігі мен дағдысын игерген тілдік тұлғаны қалыптастыру.
Қазақ тілі пәнін оқытудың дамытушылық мақсаты – оқушылардың қазақ тілін саналылықпен үйрену-білу дағдыларын қалыптастыру, оқушының тек «білімді қабылдаушы» рөлінен «білімді бірігіп және өз бетінше ізденушіге» айналуын көздейді.
Оқушылар қазақ тілін сөйлеу, жазу, оқу, тыңдау, сұхбат құру тәрізді негізгі оқу әрекеттерін орындай отырып, өзінің логикалық ойлауы мен пайымдауын қазақ тілінде жеткізе алатындай дағдыға қол жеткізеді. Сонымен бірге әрбір оқушының жеке қабілеті мен ұмтылысына қарай қазақ тілін оқып-үйрену арқылы оқушылардың шығармашылық және өз бетінше білім іздеу қабілеттері қалыптастырыла және дамытыла бастайды.
Бүгінгі таңда қолданылып жүрген педагогикалық технологиялардың элементтерін сабақта пайдалана отырып, оқушылардың ой-өрісін, тіл байлықтарын дамытып, ізденімпаздыққа, білімді өздігінен меңгеруге жағдай жасап, білім мен тәрбиені оқушылардың өміріне ең қажетті біліктерін жетілдірудемін.
Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшілігі – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән береміз.
Оқушыларға сапалы білім берудегі менің алға қойған мақсатым – оқушыға сапалы білім беру, алған білімдерін тәрбиемен ұштастыра білуге үйрету. Сөйтіп болашақта білім негізі қаланған шығармашыл жеке тұлға қалыптастыру.
«Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда жаңа технологиялардың маңызы» тақырыбы бойынша жұмыс жасадым. Осы қойылған мақсатты жүзеге асыру бағытында менің міндетім сыныпта өзара, ашық қарым-қатынасты жүзеге асыру. Оқушылардың өз бетінше ізденіске бағыттайтын, ынталандыратын, сын тұрғысынан ойлануға мәжбүр ететін ситуация тудыру, балалардың еркін шығармашылығын қамтамасыз ету.
Осы мақсатқа жету үшін алдыма мынандай міндеттер қойдым:
1. Білім сапасын арттыру, дарынды, қабілетті балаларды анықтау, олардың дамуына жағдай жасау.
2. Әлеуметтік кеңістікке ене алатын қасиеттерге ие, оқыту процесіндерухани бай, шығармашылық үйлесімді терең ойлайтын дарын иесін тәрбиелеу.
3. Оқушының даралығын дамыту. Психологиялық қолайлықты қамтамасыз ету.
4. Денсаулығын сақтау және қолдау.
Осы міндеттерді орындау үшін төмендегідей педагогикалық технологиялар мен әдіс-тәсілдерді пайдаландым.
Оқу-тәрбие үрдісінде қолданылып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген педагогикалық технологияның бірі – дамыта отырып оқыту әдістемесі.
Дамыта оқыту жүйесінің маңызды бір ерекшелігі – сынып оқушыларын «жақсы», «жаман» оқушылар деп бөлмей, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызуды мақсат тұту. Нашар оқушының да өз шамасы келгенше, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылған, ал қабілетті оқушылардың ізденуіне, зерттеушілігіне, өз бетінше жұмыс арқылы шығармашылық деңгейге көтерілуіне жол ашылған.
Шығармашылық жұмыстың бастамасы – өз бетіндік жұмыс. Сол себепті де оқушылардың шығармашылық қабілеттері олардың өз бетіндік жұмыстарынсыз дамыту мүмкін емес.
Өз бетіндік жұмыс түрлеріне төмендегі негізгі 3 жұмыс түрлерін жатқыза аламыз.
1. Логикалық дамытушы ойындармен берілген тапсырмалар (құрастырмалы ойындар, ребус, сөзжұмбақ, анаграмма.)
2. Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері ( мәтіннің мазмұнын өңдеу)
3. Өз ойынан еркін тақырып құрастыруға берілген әдеби шығармашылық бағыттағы жұмыстар (өлең құрастыру, әңгіме, шығарма жазу т.б.)
Өз тәжірибемде «Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының әдіс-тәсілдерін қазақ тілі сабағында қолданамын.
«Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының мақсаты – өз бетінше білім алып, көп пікірдің ішінен өзіне маңыздысын ала білетін, біреудің пікірін тыңдай білетін және одан өзіне керектісін алатын, еркін сөйлейтін, батыл, өз пікірін қорғап шығатын адам тәрбиелеу.
Мен өз тәжірибемде қолданған кейбір тәсілдерге тоқталып өтейін. Олар: еркін жазу, Венн диаграммасы, топтастыру, ойлану, жұпта талқылау, тірек сөздер т.б.
Осы жұмыстарды орындау барысында төмендегідей нәтижеге қол жеткіземін.
- сабақ түбегейлі оқушыға бағытталып, ұжымда қарым-қатынас орнады;
- оқушылардың үлгерімі жоғарылады;
- өз беттерінше әртүрлі шешімдер қабылдайды, жауапкершіліктері артты;
-ойларын жүйелеуге, ашық айтуға үйренді;
-шығарма, төрт жол өлеңдер, эссе жазып, сипаттай алатын боды.

Жаңа технологиялардың арқасында оқушының белсендігі артып, жан-жақты талдауға, өз ойын ашық айтуға, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауға үйренеді.
Осы педагогикалық технологияның ерекшелігіне сүйене отырып, оның тиімді әдіс-тәсілдерін жетілдіруге болады. Атап айтқанда:
- дарынды оқушыны дамытады, оқушылар шығармашылығын арттырады;
- оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіріп, білім сапасын көтереді;
- пәнге деген бейімділігі, қызығушылығы артады;


Жоғарыда айтылған технологияларды пайдалана отырып, қазақ тілі пәнінен «Уақыт өлшемдері», «Әріптер айтысы», «Сыйлықтар» тақырыбына ашық сабақтар өткіздім. Мақсатым, уақыт өлшемдерінің атауларын, сан есім түрлерін қаншалықты меңгергендерін бақылау, оқушыларды сауаттылыққа, мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу , адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, өз ойын еркін айтуға, бірлесіп жұмыс істеуге үйрету.
«Көктемгі жұмыс» етістіктің шақтарын қайталау сабағы бойынша ашық сабақ өткіздім. Мақсатым, оқушылардың сөздік қорын молайтып, ойлау қабілетін жетілдіру, қоршаған ортаны сүюге, табиғатты аялай білуге тәрбиелеу, оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, бірлесіп жұмыс істеуге, өз ойын дәлелдей білуге үйрету.

№85 мектеп оқушыларының арасында Тілдер мерекесіне арнап «Тілге құрмет – елге құрмет»атты мәнерлеп оқу сайысын өткіздім. Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
2. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой-өрісін дамыту.
3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.Сайыс 5, 6, 7, 8-сыныптар арасында өтті.Әр оқушы өзін таныстырып, өлеңін мәнеріне келтіріп оқыды. Бұл сайысқа орыс мектебінің және қазақ мектебінің оқушылары қатысты. Оқушылар өлеңдерді мәнеріне келтіріп жатқа айтып шықты.


Сагындыкова Бейбитгул Усенова

Түркісіб ауданы, №85 мектеп

Алматы қаласы