+7(707) 37 19 019

ЖАҚСЫ КӨРГЕНІҢІЗДІ АЙТЫҢЫЗ

Атақты психолог бір конференциясында “Кімді жақсы көрсеңіз, оған барып жақсы көргеніңізді ашық айтыңыз” дегенді айтады.
Бір апта өтіп, психологқа Джон есімді біреу телефон соғады:
- Өткен апта айтқан сөзіңіз мені қатты ойландырды. Конференциядан шығып, жақсы көретін ешкімім жоқ екенін үйге дейін ойлап бардым. Мен осыдан бес жыл бұрын әкеммен қатты ұрысып үйден кеткен біреумін. Ол кезден бері бір-бірімізге тіл қатпайтын болдық. Тіпті отбасы бірге жиналған кездердің тысында, онымен кездеспеуге тырысатынмын.
Үйге жеткенімде “жақсы көретінімді” әкеме айтуға ниеттендім. Осындай шешімге келудің өзі үстімнен ауыр жүк түскендей болды. Үйден шығып, ата-анамның үйі жаққа бардым. Олардың есігін қағып, есікке әкемнің шығуын тіледім. Өйткені бірінші анамды көріп қалсам, жақсы көргенімді оған айтып әкеме жолығуға тағы да батылым бармай кететінімді сездім.
Есікті әкем ашты. Табалдырықты аттамай есіктің алдынан:
- “Әке, сені жақсы көретінімді айту үшін келдім” дедім. Әкем бірден мүлдем басқа адам болып кеткендей болды: жүзі жұмсарып... көзі жасаурады! мені құшақтай салып, басымнан сипалай берді де:
- “Мен де сені жақсы көремін, ұлым менің. Осыны ертеректе айтпағанымды кешір” деді.
Екі күннен кейін әкем инфаркт болып, ауруханаға түсті. Әкеме жақсы көргенімді айтпай тағы жүре бергенімде... оған жақсы көргенімді айтып үлгермегенімде... Олай ойлаудың өзі қорқынышты. Айтайын дегенім – ЖАҚСЫ КӨРГЕНІМІЗДІ ДЕР КЕЗІНДЕ АЙТУ КЕРЕКтігін жақсы ұққандаймын. Рахмет сізге.