+7(707) 37 19 019

Адам мінезін тәрбиелеу

Әр адамға бұл өмір бір –ақ рет берілген. Сол өмірді әркім мінезіне, таным-түсінігіне, иманына, жалпы рухани деңгейіне қарай әртүрлі өткізеді. Жеке және қоғамдық қатынаста көркем мінездің алар орны ерекше. Сол көркем мінез-адамның іс-әрекеті, сөйлеу мәнері, ішкі және сыртқы сезімдерін қамтитын бірден-бір жол десек болады.
Адам мінезін тәрбиелеу, көркем мінезге қол жеткізу үшін:
-ең алдымен жүрек тазалығы. Жүрек түкпірінен жаман ойды алып тастау.
-Мәулана: «дос досының әдеттерін алады»-дейді. Сондықтан кіммен дос болғаныңа мән беру. Тек шыншыл, адал, жарқын көңілді, адамгершілігі мол адамдармен дос болу.
-Көп кітап оқып, көзқарасты өзгерту.
-тәтті тілді болу, яғни әдемі сөздер айту.
-күлімсіру.
-барша жаратылысқа мейірімді болу.
-ұнамаған нәрсені көрсек, көрмегендей өту.
-артық сөйлемеу, қосып айтпау.
-біреумен айтысудан бас тарту.
-адам кемшілігін көрсек, жеке ескерту.
-жаман нәрсеге тап солай жауап бермеу.
-Абай атамыз: "адам мінезі түзелмейді дегеннің тілін кесер едім" деген. Яғги кез-келген тұлға өзін-өзі бақылау жасау арқылы мінезіндегі мінін түзеуге, жағымсыз әрекет пен қылықтардан өзін тыйып ұстап, жақсылықпен айырбастауы тиіс.




Раушан Бектурлинова