+7(707) 37 19 019

Кітапты тиімді оқудың алтын кеңестері

1. Табыстың 10% кітап алуға жұмсау.

Кітап-білім бұлағы. Ал білім деген - ешқашан құнын жоғалтпайтын капитал. Əр айлық табыстың 10% кітап сатып алуға жұмсау арқылы сіз жүйелі түрде капиталыңызды толықтырып отырасыз. Табыс артқан сайын кітап саны да арта түседі. Бірақ, тек кітапты сатып алып қана қоймай, оны міндетті түрде оқу керек.

2. Блокнотпен бірге оқыңыз.

Кітаптан алған керекті деректерді, сілтемелерді, өзімізді шабыттандырған қанатты сөздерді жазып алу арқылы сізге кітапты қайтадан оқып отыру қажет емес. Егер еске түсіргіміз келсе, тек блокноттың бетін ашуымыз жеткілікті. Оның үстіне жазу - есте сақтау үшін таптырмас құрал.

3. TOP- кітаптар.

Өзіңіздің оқуыңыз керек кітаптар тізімін жасаңыз. Алдыңғы екі ережені біріктіре отырып, ай сайын табысыңыздың 10%-ына алатын кітаптар тізімін блокнотқа жазуыңыз керек. Яғни, қызығушылықтарыңыз бен қажеттіліктеріңіз өзгерген сайын кітаптар тізімін де өзгертіп отыруңыз керек.

4. Кем дегенде күніне 1 сағат кітап оқыңыз.
Ең маңыздысы, күнделікті əдетке айналдыру керек. Егер де, 1 сағат бос уақытыңыз болмаса, 20 минуттан бөліп-бөліп оқыңыз. Осылайша, сіз күндік жоспарыңызға кітап оқуды оңай кіргізесіз. Алайда, түнде кітап оқымауыңыз абзал, себебі күні бойы шаршаған ми оқыған мəліметті толық қабылдамайды.

5. Стилдерді алмастырыңыз.
Мысалы, егер де сізге ғылыми стильде оқысаңыз. Оны көркем əдебиет стиліне алмастырыңыз. Бұл тəжірибе сіздің жан-жақты дамуыңызға септігін тигізеді.

6. Кітапты сақтап отырмаңыз.
Егер де кітабыңызды бір рет толық түсініп оқысаңыз, сіз одан алу керек байлықты өз капиталыңызға салған болып есептелесіз. Одан кейін ол кітаптың сіз үшін берер пайдасы шамалы. Кітапты сөреге сақтап қоюдың орнына достарыңызбен кітап алмастырыңыз. Осылайша сіз ,бір жағынан, ақша үнемдейсіз, екінші жағынан, жақындарыңызға пайдалы іс жасайсыз.


Айман Қайратқызы

zhasko.kz

Алматы қаласы