+7(707) 37 19 019

Жұрт

Жұрттың болды баласы бізге үлгі
Жұрттың болды жыртығы бізге күлкі
Жұрттың болды жалақысы бізге қызық
Жұрттың болды арбалары бізге озық

Жұрттан қалма деуменен өтеді өмір
Жұрттан ұят деуменен кетеді ақша
Жұртқа ұқсап боламыз әдемі біз
Боламыз абыройлы жұрт мақтаса

Жұрттың бәрі ұрлайды деп біз де ұрладық
Жұрттың бәрі парақор деп біз де бердік
Хикмет шіркін жұрттан емес, бірден тарар
Абай айтқан сөзді бүгін кімдер ұғар?!


Ерден Жақсылық