+7(707) 37 19 019

Мақсатқа жету жолында

Әрбір адамның өз мақсат-мұраттары болады. Алайда оған жету әркімнің қолынан келе бермейді. Басқалардың жіберген қателіктерін талдай отырып, сіздерге қысқаша кеңес дайындадық. Осылар арқылы көздеген мақсатыңызға жетуіңіз әбден мүмкін.

1. Сіз тірі жүргенше, бәрі де мүмкін екенін ұмытпаңыз. Деніңіз сау, басыңыз еркін болса, табысқа жетуге барлық мүмкіндігіңіз бар екенін есте сақтаңыз.

2. Қиялға берілмеңіз. Белгілі бір бастаманың лезде аяғына тұрып кетуі екіталай. Әр нәрсе бастапқы кезеңінде уақыт пен шыдамдылықты талап етеді. Сіз біраз қателік жіберуіңіз мүмкін, олардан шошынып, қаша жөнелмей, нәтиже шығарып, сабақ алуға тырысуыңыз керек.

3. Сіздің рухыңыз мықты! Сіз өзіңіз ойлағаннан көп есе мықтысыз. Бір қателік, он не жүз қиындық табысқа жету жолыңызда бөгет бола алмайды. Бұған іштей сенімді болыңыз.

4. Сіздің алға қойған мақсатыңызға басқа біреудің қолы жетті ме? Тіпті, бүкіл тарихта, бар әлемде жалғыз адам соған мысал болса да, бұл сіздің сол мақсатқа жете алуыңыздың кепілі ретінде санаңыз. Сіз өзгеден кем емессіз!

5. Армандарыңызға сене біліңіз. Сіздің жолыңызда арманыңызға жете алмайтыныңызды айтатын адамдар әлі-ақ кездеседі. Ешқашан ондай сөздерге сенбеңіз!

6. Жақындарыңыздың рөлі. Туған-туыстарыңызға, дос-жарандарыңызға мақсаттарыңызға жету жолындағы шабыттандырушы, қолдаушы болуға мұрша беріңіз. Әсіресе, сіздер, ерлер қауымы!

7. Адамзат тіршілігінің деңгейін көтеруге көмек беріңіз. Мұратыңызға қол жеткізген соң, жетістіктеріңізді пайдаланып, әлемді, өмірді жақсартуға үлес қосуыңызға болады. Бұдан сіз рухани ләззат алатыныңыз сөзсіз.

8. Сіз бақытты болуға лайықсыз. Сіз бақытқа да, табысқа да лайықсыз. Мақсатыңызға жетпейінше осы ұстанымға берік болыңыз.

9. Сіз жақындап қалдыңыз... Алға қойған мақсатыңыздан тайқып, күдеріңізді үзе бастағанда арманыңыздың қол созым жерде екенін білесіз бе? Көп жағдайда адамдар сынақтың қырқына шыдап, қырық бірінде артқа қайтады. Ең өкініштісі, дәл сол қайтқан жерде мақсаты оған жақын болған болып шығады. Мұндай жағдайға қалмас үшін, жоғарыда аталған кеңестердің бәрін ескеріп, осы соңғыны үнемі жадыңызда сақтап жүрсеңіз, дегеніңізге жетесіз деген сенімдеміз.

Іске сәт, достар!

Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/zhadnama/22582/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз